"30-50 жас аралығындағы әйелдер хабарласады": Қызылордада әлеуметтік желі арқылы тәнін сататын жігіттер көбейген
"30-50 жас аралығындағы әйелдер хабарласады": Қызылордада әлеуметтік желі арқылы тәнін сататын жігіттер көбейген
© tengrinews.kz
2,651
оқылды
Бүгінде жыныстық қатынас нарығы қыздармен қоса жігіттердің қызметімен толықты, – деп хабарлады Opennews.kz.
"Қызылордада ақшаға сатылатын еркектер туралы ақпараттық сайттар бар. Оған тіркелгендер қатары жетіп-артылады, бәсекелестік қызып тұр. Онда жүктелген суреттерде көбінің бет-жүзі емес, бұл «мамандықтағы» ең маңыздысы – дене, жыныс мүшелері. Сондықтан болар «жұмыс құралының» өлшемі, ұзындығы нақты көрсетілген. Мәселен, бір сайттың өзінде 500-ден аса еркек жезөкшелер интимді қызмет көрсетеді екен. Әсіресе, 20 мен 40 жас аралығындағы жеңіл жүрісті жігіттер. Интимдік қызметінің сағатын саудалайтын жігіттер сан түрлі қызмет түрін ұсынады", – деп жазды басылым.
Әлеуметтік желіде тәнін саудалайтындардың прайсы тайға таңба басқандай жазылып тұр. Мәселен, олар өз үйінде қабылдайтын болса  6-20 мың теңге аралығы, ал өзі барса 25-30 мың теңге. Тіпті, тегін қызмет көрсететіндері де кездеседі екен.
"Өз тәнін саудаға салатын жігіттердің көбісі бұл кәсіппен қосымша табыс ретінде айналысатын болса, негізгі жұмыс ретінде күнін көріп отырғандар да бар. Ең сорақысы, хабарласқан қыз-келіншектер үшін жыныс мүшесінің көлемі маңызды екен. Көбіне 30 бен 50 жас аралығындағы әйелдердің қызмет алатыны белгілі болды", – деп хабарланған сайтта.