Көкшетауда 80 адамды алдаған 2 шенеунік сотталды
Көкшетауда 80 адамды алдаған 2 шенеунік сотталды
Фото: flashpress.kz
271
оқылды
Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер бес жылға сотталды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
26 қазанда Көкшетауда қаржы пирамидасы туралы резонанстық қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды, – делінген Ақмола облысының прокуратурасының хабарламасында.
Шенеуніктердің кесірінен барлығы 80 адам зардап шеккен. Жалпы, келтірілген залал – 30 млн теңге.  Сотталушылар сот үкімі бойынша зардап шегушілерге ақшаны қайтаруға міндетті. Сотталушыларға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 7 жылға тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындалды.