Астанада 18 жастағы жігіт 24-қабаттан секіріп кетті: полиция мәлімдеме жасады
Астанада 18 жастағы жігіт 24-қабаттан секіріп кетті: полиция мәлімдеме жасады
Фото: dixinews.kz
372
оқылды
Астанада 18 жастағы жігіт 24-қабаттан секіріп кетті.  Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 31 қазан күні Есіл ауданының полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түскен. «18 жастағы бірінші курс студенті «Времена года. Лето» тұрғын үй кешенінің маңынан өлі күйінде табылды. Ол 24-қабаттан секіріп кеткен. ҚК «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша тергеу басталды», – делінген хабарламада. Astana IT University ресми сайтында қайтыс болған студенттің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. «Жақындарына құрмет ретінде студенттің аты-жөні жарияланбайды. Марқұм болған студент сабағын жақсы оқыған, студенттік ортада белсенділік көрсетіп, достары мен топтастары арасында сыйлы болған. Университет тарапынан ешқандай ескерту алмаған. Бұл бәріміз үшін орны толмас қайғы», – делінген университеттің мәліметінде. Оқиға бойынша Астана қаласының Полиция департаменті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Университет тергеу жұмыстарына толықтай көмек көрсетуде.