Алматыда 12 жыл бойы іздеуде болған әйел ұсталды
Алматыда 12 жыл бойы іздеуде болған әйел ұсталды
Маңғыстау облысының полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысының тумасы – 54 жастағы әйел ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмысты жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.