Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: екі қазақстандық финалға өтті

Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: екі қазақстандық финалға өтті

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшылары Милад Карими мен Нариман Құрбанов Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына өтті. ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, М.Карими еркін жаттығуларда квалификацияны сәтті өтті. Ол 14.733 балмен үшінші орын алып, ақтық жарысқа жолдама алды. Н.Құрбанов та іріктеу кезеңінде үшінші орын алды. Ат үстіндегі жаттығу дисциплинасында төрешілер оның өнерін 15.033 балға бағалады.