Қазақстан өкілі ИКАО арнайы тобының вице-төрағасы болып сайланды
Қазақстан өкілі ИКАО арнайы тобының вице-төрағасы болып сайланды
Париждегі (Франция) ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының кеңсесінде 2022 жылдың 1-4 қарашасы аралығында ИКАО аймақтық бюросы ұйымдастырған Еуропа және Солтүстік Атлантика (ENAVSECG/10) арнайы авиациялық қауіпсіздік тобының оныншы отырысы өтуде. Кеңестің күн тәртібінде қиын кезеңдерде азаматтық авиацияның өзгеріп отыратын қатерлеріне тұрақты түрде қарсы тұруға бағытталған мемлекеттердің проблемалары мен күш-жігері, авиациялық қауіпсіздік саласындағы соңғы технологиялық және инновациялық әзірлемелер, азаматтық авиациядағы адами фактор және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты басқа да аспектілер қаралады. Оныншы кеңестің бірінші күні авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың жаңа төрағасы мен оның орынбасарлары – ENAVSECG/10 сайлауы өтті. Дауыс беруге Париждегі ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросына (EUR/NAT) мүше мемлекеттер қатысты. Дауыс беру нәтижелері бойынша авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың – ENAVSECG/10 вице-төрағаларының бірі болып Қазақстан Республикасынан кандидат Еспотанов Дархан Инкарбекұлы – "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының орынбасары сайланды. Төраға болып Франциядан кандидат, екінші вице-төраға болып Латвиядан кандидат сайланды. ИКАО Төрағаның және вице-төрағалардың негізгі функциялары авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың жыл сайынғы кеңесін ұйымдастыру, авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өңір елдері арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимыл тобының алаңында қамтамасыз ету, ИКАО-ның 17-ші қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын практикасын жаңарту жөніндегі ұсынысты қарау және мақұлдау, авиациялық қауіпсіздікті дамытуға бағытталған есептерді жасау және жаңа бастамаларды әзірлеу, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік бойынша басқа мәселелер. Бұл лауазымға біздің мемлекетіміздің өкілін сайлау Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін арттыруға ықпал етеді және Орталық Азия өңірінде көшбасшы ретінде авиациялық қауіпсіздік саласындағы позицияны нығайтады. Бұл шешім Қазақстанның азаматтық авиациядағы өңірлік және жаһандық негізгі ойыншыға айналуына бағытталған AAK жаңа көзқарасына толық сәйкес келеді.