Қор нарығында доллар бағамы 5,24 теңгеге арзандады

Қор нарығында доллар бағамы 5,24 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,24 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460,56 теңге болды. Ұлттық банктің 2 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 466,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге арзандап, 7,61 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 468 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңге болса, сатып алу – 466 теңге. Ресей рублі 7,12-7,32 теңге аралығында саудаланып жатыр.