Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
© azattyq-ruhy.kz
809
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.
«Мемлекет Қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға, сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталғандарға қолданылмайтыны түсінікті. Сондай-ақ, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға рақымшылық болмайды. Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз», - деген еді Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.