Қытайға барған шетел азаматтары АҚШ-қа кіре алмайды
Қытайға барған шетел азаматтары АҚШ-қа кіре алмайды
Фото: Интернеттен алынды
286
оқылды
Соңғы 14 күн ішінде Қытайға барған шетел азаматтары енді АҚШ аумағына кіре алмайды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Саяхаттан еліне оралған америкалықтар міндетті түрде карантинге жатқызылады.
Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарының әуе және теңіз порттары басқармасының атқарушы директоры Рик Коттон: «Хубэй провинциясында болған АҚШ азаматтарында ауру белгілері байқалса, олар шұғыл түрде Белвью мен Ямайка ауруханаларына жөнелтіледі. Ал сырқат симптомдары анықталмаған кісілер міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылады», – деді.
Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарының әуе және теңіз порттары басқармасының директоры Рик Коттонның мәлімдеуінше, АҚШ-та коронавирусты жұқтырудың  9 дерегі тіркелген.