Жамбыл облысында жасөспірім бала әкесінің көлігін айдап кеткен

Жамбыл облысында жасөспірім бала әкесінің көлігін айдап кеткен

Жамбыл облысында рұқсатсыз көлік айдаған жасөспірім жасаған жол-көлік оқиғасынан жолаушы қайтыс болды.
Қайғылы жағдай 2022 жылғы 1 қарашада сағат 21.30-да Тараз – Айша бибі тасжолының 1 шақырымында болды. Полицейлер анықтағандай, 15 жастағы жасөспірім Айша бибіден Таразға келе жатып, тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ағашқа соғылған. Көлікте жүргізушіден бөлек тағы үш жасөспірім болған.
"Оқиға салдарынан 14 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен екі кәмелетке толмаған жолаушы түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.