Қызылорда облысында емхананы жөндеу кезінде әйел қаза тапты

Қызылорда облысында емхананы жөндеу кезінде әйел қаза тапты

Қызылордада емхананы жөндеу кезінде биіктен құлаған әйел көз жұмды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2 қараша күні сағат 14.40 шамасында 102 арнасына хабар түскен. Онда Қызылорда облыстық полиция департаментіне қарасты емханада құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында азаматшаның басына құрылыс сатысының темір бөлшегі құлап, салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болғаны айтылады. «Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 2-бөлігінің (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды» деп атап өтті Қызылорда қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінің орынбасары Әуелхан Құдайберген.