Сәкен Бибосынов бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Сәкен Бибосынов бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты
513
оқылды
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 2022 жылы Иорданияда өтетін Азия чемпионатын жеңіспен бастады. Турнирдегі алғашқы жекпе-жегін 1/8 финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бибосынов үндістандық Спарш Кумарға қарсы өткізіп, оны төрешілердің шешімімен – 4:1 есебімен жеңді. Айта кету керек, қазақстандық бірінші раундта ұпай кестесінде жеңіліп қалғанымен, кейін жекпе-жектің бағытын өзгерте алды. Осылайша, Сәкен Бибосынов турнирдің ширек финалына шықты. Еске салайық, ол өз салмағында «алтынға» басты үміткер.