Арзан бағада автокөлік әкеліп беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Арзан бағада автокөлік әкеліп беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
399
оқылды
Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша өзінің танысы Астана қаласынан арзан бағада автокөлік алып беремін деп сеніміне кіріп, 5 млн теңгесін алып кеткен. Алайда, жапа шегуші бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. «Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтау мақсатында ақпарат жинады. Нәтижесінде күдікті деп танылған Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Белгілі болғандай күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде», - деп жазды Түркістан облыстық полиция департаментінен.