Түнде Қарағанды облысы Ленин шахтасында апат болды. Төрт адам қаза тапты. Полиция «АрселорМиттал Теміртау» кенішіндегі оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаменті хабарлады.
«Ленин атындағы кеніште болған ТЖ дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел тергеу топтары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.Бұған дейін Қарағанды облысы Ленин шахтасында апат болып, 4 кенші қаза тапқанын жазған болатын.