Елшілікте Алжир мемлекетінің Ұлттық күні аталып өтті
Елшілікте Алжир мемлекетінің Ұлттық күні аталып өтті
2022 жылғы  1 қарашада Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің Төтенше және өкілетті елшісі Камал Финиш мырзаның ұйымдастыруымен Алжир мемлекетінің Ұлттық күнін еске алу шарасы өтті.  Аталған іс-шарада мәртебелі елші сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ Камал Финиш мырза,  қонақжай әрі қарапайым қазақ жерінде алғаш рет бас қосып отырғанын мәртебе санайтынын жеткізді.
«1954 жылдың  жеңісті қараша айы Алжир халқының жүрегінде ұлы күн ретінде мәңгі есте қалады. Бұл күн – қазіргі заманауи тәуелсіз Алжир мемлекетінің пайда болуына ұйытқы болған күн»,  - деп атап өтті Елші.
Аталған іс-шарадан соң, еске алу күніне жиналған елшілік қызметкерлері Алжир халқының батыр бауырларына тағзым етіп, құрбан болғандардың аруағына дұға-тілектерін бағыштады.