19 жастағы астаналықты скотчпен байлап, тонап кеткен күдікті ұсталды
19 жастағы астаналықты скотчпен байлап, тонап кеткен күдікті ұсталды
Фото: gov.kz
232
оқылды
Полицияға 19 жастағы Астана тұрғыны арызданды. Polisia.kz-тің дерегінше, жәбірленуші пәтерін жөндеу үшін құрылысшы жалдаған. Алайда жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші құрылысшыға еңбекақысын бермеген. Төлемін ала алмаған жұмысшы агрессивті түрде әрекет еткен. Жігітті қорқытып, оны скотчпен байлап, IРhone 12 Pro Max ұялы телефонын және банк картасын алып кеткен. Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер 41 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ұрланған телефонды ломбардқа өткізіп үлгерген. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған адам бұрын елордада ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды.