Қазақстанның дипломатиялық қызметі қазіргі заманның ең күрделі мәселесін шешуге қабілетті
Қазақстанның дипломатиялық қызметі қазіргі заманның ең күрделі мәселесін шешуге қабілетті
411
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасында Қазақстан мен шет мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі: тарихи мұра және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараны Қазақстан  Президентінің Архиві Қазақстан   Тұңғыш Президенті кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырды.    width= Дөңгелек үстел отырысының жұмысына Қазақстан дипломатиялық қызметі қалыптасуының бастауында тұрған белгілі мемлекет қайраткерлері, республикада тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары,  Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының мамандандырылған факультеттерінің студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.  width= Іс-шара барысында тарихи динамикадағы қазақ дипломатиясының негізгі кезеңдері талқыланды. «Қазақстандық дипломатиялық қызметі қазіргі заманның ең күрделі де ауқымды міндеттерін шешуге қабілетті. Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық аренада жинақтаған 30 жылдық көпвекторлы сыртқы саясаттың мол тәжірибесі тек біздің еліміз үшін   емес, әлемдік қоғамдастық үшін де үлкен практикалық маңызға ие деп сеніммен айтуға болады. Қазақстандық дипломатияның бастауында тұрған, еліміздің сыртқы саясат ведомствосын ұзақ жылдар бойы басқарған Қасым-Жомарт  Тоқаев дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына орай айтқан сөзінде бұл мерейтойлық дата халқымыздың Жаңа Қазақстанды құра бастаған бетбұрыс кезеңімен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Қазақстанның алдында ұлттық экономиканы деолигополиясыздандыру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде саяси жүйені демократияландыру, азаматтар мен азаматтық қоғамның мемлекеттік басқару процесіне қатысуын түбегейлі кеңейту бойынша ауқымды міндеттер тұр. Сонымен бірге  бұл реформалардың табысты болуы, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыртқы саясаттың тиімділігімен тығыз байланысты», – деді Қазақстан   Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бакытжан Темірболат.  width= Қазақстан   Президенті Архивінің  директоры Әлия Мұстафина өз сөзінде: «Мұрағат қорының жеке блогы Қазақстанның сыртқы саясатына арналған құжаттардан тұрады. Біріншіден, бұл Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің дипломатиялық өкілдіктерінің құжаттары болса, екіншіден, сыртқы саясатты дамытуға бүкіл өмірін арнаған мемлекет қайраткерлерінің жеке қорлары да ерекше құндылыққа ие. Бүгінгі көрмеде республиканың сыртқы саяси ведомствоның қалыптасу және даму тарихын көрсететін Президент Архивінің жәдігерлері қойылған».  width=  
«Қазақстандық дипломатиясының көп ғасырлық тарихы бар. Қазіргі халықаралық тұрақсыздық жағдайында біздің мемлекет қалыпты теңгерімді және көпвекторлы сыртқы саясатты ұстанып отыр. Бүгінде Қазақстан әлемде тұрақтылық генераторы, мемлекеттік құрылыстың серпінді және өркендеген үлгісі ретінде қабылданады. Біздің еліміз ядролық қарусыздану саласындағы мойындалған көшбасшыға айналды. Біз қазіргі заманның аймақтық және жаһандық мәселелерін шешуге тең дәрежеде қатысып, үлес қосудамыз», – деді Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров.
Өз кезегінде Қазақстанның бірінші Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов ойымен бөлісті: «Тәуелсіздік таңы атқан шақта Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің жұмысын ұйымдастыру өте қиын болды. Республикамыздың шетелде танылуына қол жеткізу бірінші кезектегі міндет болды. 1992 жылдың қазанында Қазақстанның егемендігін 61 мемлекет мойындады, әлемнің 50-ден астам елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Бұл еліміздің сыртқы саясатының дамуының негізгі векторын анықтаудың қызу кезі еді». Сонымен қатар іс-шара аясында «Қазақстандық дипломатия: көпвекторлық және үйлесімділік» көрмесі өтті. Онда Қазақстанның сыртқы саяси қызметіндегі маңызды оқиғаларды қамтитын мұрағаттық құжаттар мен фотоматериалдар көрсетілді. Көрмеге ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының қорынан алынған архивтік материалдар, сондай-ақ ҚР СІМ және оның шетелдегі өкілдіктерінің қызметін реттейтін, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға кіруін, алғашқы мемлекеттік пен ресми сапарларын көрсететін ҚР Президент Архиві ұсынған құжаттар және т. б. қойылды. Қазақ дипломатиясының тарихы туралы кітап жинақтары, белгілі саяси қайраткерлер сыйға тартқан «Естелік қолтаңба» жинағы ұсынылған.