Күні кеше Германия үкіметі экстремистік үндеулер мен алауыздықты қоздыруға бағытталған интернеттегі жазбалар үшін жауапкершілік пен бақылауды күшейтетін заң жобасын мақұлдады, – деп жазады 24.kz. Германияның Әділет министрі Кристина Ламбрехтің ведомство сайтында жарияланған мәліметінде: «Заңнамалық құжаттың қабылдануымен алауыздықтан болатын қылмыстарға бұрынғыдан да үлкен күшпен қарсы тұратын боламыз. Алдағы уақытта интернетте қоқан-лоқы көрсеткен немесе алауыздықты таратқандар анағұрлым қатаң және тиімді жазаланатын болады» делінген. Заң жобасындағы басты талабының бірі – заңға қайшы контентті дереу алып тастау үшін Facebook пен Twitter әлеуметтік желілеріне тыйым салу. Сондай-ақ әлеуметтік желі әкімшілері криминалдық посттарды, олардың жаһандық желіге соңғы рет қосылған нүктесін көрсете отырып, техникалық мәліметтерді де қоса ұсынуға міндеттеледі. Айта кетейік, заң жобасы күшіне енбес бұрын Германияның қос палатасында мақұлдаудан өтуі тиіс.