Құтқарушылар Ленин шахтасындағы қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді. Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС Қарағанды филиалының алты құтқарушы бөлімшесі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД Ленин атындағы шахтасында апат орнына алғашқылардың бірі болып жеткен. Белгілі болғандай, 830 метр тереңдіктегі құтқару жұмыстарына 35 адам қатысқан және жұмыс екі учаскеде жүргізілген.
«Әр жерде екі адамнан еңбек етті. Тағы бір кенші жұмысты басқарды. Төтенше жағдай болған жерге келген кезде біз үш адамның денесін таптық. Біраз уақыттан кейін екінші нүктеде – тағы бір марқұмды, сонан соң қаза болған бесінші кеншіні тауып алдық. Оқиға кенеттен болғандықтан, кеншілер өзін-өзі құтқару құрылғыларына қосылып үлгермей қалған», - деді “КӘАҚҚ РОШ" ЖШС Қарағанды филиалы директорының орынбасары Жұмат Өкенов.Апат орнында үйінділер мен құлаған қабырғалар болмаған. Еске салсақ, 3 қарашада сағат 03.03-те Ленин атындағы шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен метан шыққан. Апат кезінде жер астында 106 адам болған. 101 эвакуацияланды. Бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті.