Шымкентте балабақша меңгерушісі 19,3 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырған
Шымкентте балабақша меңгерушісі 19,3 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырған
234
оқылды
Шымкенттегі балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізген. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілген. «Ол «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - деп жазды ведомстводан. Балабақша меңгерушісі кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, мемлекетке келтірілген 19,3 млн теңге залал толығымен өтелді.