"Кәсіпкерді бопсалаған": Астана соты қамаудағы журналист Махамбет Абжанға қатысты тың ақпарат таратты

"Кәсіпкерді бопсалаған": Астана соты қамаудағы журналист Махамбет Абжанға қатысты тың ақпарат таратты

Кәсіпкерді бопсалады деген күдік бойынша ұсталған журналист Махамбет Абжанды қамауда ұстау мерзімі екінші желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Halyq Uni. «2022 жылдың 2 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Махамбет Абжанға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - деп жауап берді соттың баспасөз қызметі Halyq Uni ресми сауалына. Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде Махамбет Абжанның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері ұстады. Агенттіктің хабарлауынша, Абжанды ұстауға кәсіпкерді бопсалағаны себеп болған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ақша бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.