Тұрмыстық техниканы құжатсыз сатқан ірі дүкендерге айыппұл салынды
Тұрмыстық техниканы құжатсыз сатқан ірі дүкендерге айыппұл салынды
234
оқылды
Сәйкестікті бағалау туралы құжатсыз тұрмыстық электр аспаптарын сатқан ірі дүкендерге 1,8 млн теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті.
«Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз тұрмыстық электр аспаптарын сату фактісі бойынша 600 АЕК (1 837 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған ірі сатушылар («Технодом» және Sulpak) жауапқа тартылды, кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді», – деп жазылған техникалық реттеу және метрология комитетінің баяндамасында.
Комитеттің бұйрығымен Қазақстан аумағында заңсыз ресімделген 57 сәйкестік декларациясының және 63 сәйкестік сертификатының күші жойылды. Оның ішінде қазақстандық цемент қауымдастығының өтініші бойынша импорттық цементке 8 сертификат, Қырғызстанның әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесі бойынша осы бөлімдегі қызметі тоқтатылған қырғыз сертификаттау органы берген электр тұрмыстық аспаптарға 12 сертификат, қазақстандық сәйкестікті бағалау органдары қауымдастығы мен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі одағының өтініштері бойынша импорттық жиһазға 20 сертификат, олардың сынағы аккредиттелген зертханаларда жүргізілмеген. Құқық бұзушыларға (сәйкестік туралы декларацияны импорттаушы-өтініш берушілерге) айыппұл салынды. Құжаттардың күшін жою туралы ақпарат осындай өнімнің таралуына жол бермеу үшін Мемлекеттік кірістер органдарына, ЕЭК-ке және ЕАЭО елдерінің органдарына жіберілді.