Белгілі боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізетіні туралы айтты
Белгілі боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізетіні туралы айтты
Аустралиялық боксшы Майкл Зерафа қазақстандық Геннадий Головкинмен титулдық жекпе-жек туралы келісімі туралы айтты, – деп хабарлайды Tengri Sport. GGG орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иесі. 30 жастағы Зерафа орта салмақтағы WBA рейтингінде бірінші орында тұр, келесі жылы Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін. Зерафа Fox Sports Australia арнасына бокстың мегажұлдызы Геннадий Головкинмен келесі жылы Аустралияда орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге «ауызша келіскенін» айтты. Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің (42-2-1, 37 КО) Қазақстанда IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) болуы мүмкін жекпе-жегі белгілі болған еді.