Ізгілік бастауының жаршысы – Марат Бәшімов
Ізгілік бастауының жаршысы – Марат Бәшімов
Мемлекет басшысы Қаң­тар оқи­ғасына қатысты «Рақым­шы­лық туралы» маңызды заңға қол қойды. Осылайша, Конституцияға сай ізгілікті сипаттағы норматив­тік-құқықтық акт қабылданды. Бұл – әрине, әділетті шешім. Мұн­дай идеяны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Қазақстан хал­қына Жолдау жаса­ған кезінде айтқан болатын. Мем­ле­кет тарапынан қаңтардағы оқи­ға­­ға қатысқан, бірақ аса ауыр қыл­мыстар жасамаған аза­мат­тар­дың жазасы жеңіл­детіліп отыр. «Кейбір заңды бұзған азамат­тар өз кінәларын түсініп, жасаған әрекеттері үшін өкінетінін жет­кіз­ді. Сондықтан да оларға кеші­рім­мен қараған дұрыс деп санай­мын. Осы ретте Қаңтар оқи­ғасына қатысқандарға бірреттік рақым­шы­лық жасау туралы ше­шім қабыл­дадым» деген болатын Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев. «Рақымшылық туралы» заң – бұл, қоғам мен мемлекет тара­пы­нан халық арасына жік салу­дың ал­дын алуға, ішкі саяси жағ­дайды тұрақтандыруға және қазақстан­дық­тардың ауыз бір­лігін нығайта түсуге бағытталған бірреттік ізгілік шарасы. Ізгілік актісі қашан да құ­қықты құрмет­тейтін және қыл­мыс жасаған азаматтарына сенім білдіруге қабілетті демок­ратия­лық, құқық­тық мемлекетке тән болып ке­леді. Бұл ретте, қыл­мыс жазасыз қалмайтыны туралы қағи­да бұл­жы­майтыны анық. Мә­се­лен, англо-саксондық құқық то­бында амнистия институты қол­даныл­майды. Сондай-ақ Гер­ма­ния, Испания, Нидерланды, Нор­ве­гия, Швеция, Эстония сын­ды романо-германдық бірқатар елдерде де осындай тәжірибені ұстанады. Бірақ Қазақстан көптеген өзге елдер сияқты бұл мәселеге ізгілік тұрғысынан қарайды. Рақымшы­лық туралы шешім – мемлекеттің өзі білмей тұра бәз біреулердің қыл­мыстық пиғылы­ның құрба­ны­на айналған, яки Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, заңнан аттаған азамат­тарына де­ген игі ерік-жігер таныту жолын­дағы ізгілік шарасы. Осы­лай­ша, шалыс басқандарға жаңа­дан өмір бастауға және қоғамға қайта сіңісуге мүмкіндік беріліп отыр. Рақымшылық жасау әлеу­меттік әсерге ие болмақ. Түзелу жо­лына түскен азаматтар қатарға тезірек қосылу үшін ынталана түсетін болады. Сондықтан да оны қол­­­дану қылмыспен күрестегі қыл­­­мыс­тық-құқықтық жалпы мін­­­­дет­терге қайшы келмейді.