Өңір өнеркәсібі өрге басуда
Өңір өнеркәсібі өрге басуда
275
оқылды
Жақында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Абай облысына іссапармен келді. Сапар барысында өңірдің әлеуетіне баға берді. Жұмыс сапары аясында Арман Шакқалиев министрлік өкілдері және Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов көкөніс өсіру бойынша өңірлік көшбасшы «Агрофирма «Приречное» ЖШС-на ат басын бұрды. Аталған фирма картоп, сәбіз, пияз, қызылша және қырыққабат өсірумен танымал. Шаруашылықта барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы, суару жүйесі және 14 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны жыл сайын 7-9 мың тонна картоп, 2 мың тонна сәбіз, қырыққабат және пияз өндіреді. Сондай-ақ, бірінші вице-министр 2 148 сауда орнына есептелген «Ақшың» базарының жұмысымен танысты. өңір Бірінші вице-министр сонымен қатар Абай облысының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесті. Олар министрлік өкілдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру, азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шаралары және тағы басқа мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Бірінші вице-министр атап өткендей, үкімет қазір тауар өндірушілерге қаражат тікелей түсуі үшін «айналым» схемалары бойынша қаржыландыру бөлу тетіктерін өзгертуде. Тауар өндірушілер өз кезегінде шикізат пен өнімді төмен бағамен сатып ала алады. Бұл, әсіресе, маусымаралық кезеңде негізгі азық-түлік тауарлары баға­сының күрт өсуіне жол бермейді.

Айбике ЖАНАСЫЛ