Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Киануш Джаханпур Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды деп мәлімдеді. «Өкінішке қарай, коронавирус анықталған егде жастағы екі адам жан тапсырды», – деді Киануш Джаханпур. Осыған дейін Иранның Денсаулық сақтау министрі екі адамның коронавирус жұқтырғанын растады. Мұны Иран үкіметінің өкілі Алии Рабии де растады. Ол Twitter-дегі парақшасында: «Бірнеше минут бұрын Денсаулық сақтау министрі мекеме мамандарының баяндамасына сүйене отырып, Кумда коронавирус жұқтырды деген күдігі бар екі адамның сараптамасы оң нәтиже көрсеткенін мәлім етті», – деп жазды. Ирандағы екі адам қаза тапқан Кумда бейсенбі күні мектептердегі сабақ тоқтатылды.