Қазақстаннан 54 миллион теңге тұратын бензинді заңсыз алып кеткендер ұсталды
Қазақстаннан 54 миллион теңге тұратын бензинді заңсыз алып кеткендер ұсталды
Фото: gov.kz
380
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері бензинді заңсыз тасымалдағандарды анықтады. Агенттіктің мәліметінше, АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген сылтаумен алып кеткен. Жалпы құны 54 миллион теңге тұратын 165 тонна өнімді елден заңсыз әкеткен. Сондай-ақ 89 миллион теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде сол компания ұсталды. Жалпы, аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекетке қайтарылды. Сатылған бензиннің құны 54 миллион теңге сотталғаннан мемлекет кірісіне өндірілді. Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.