Франция 1977 жылы іске қосылған атом электр станциясын жабады
Франция 1977 жылы іске қосылған атом электр станциясын жабады
Фото: Интернеттен алынды
Франция үкіметі Фессенхаймдағы атом электр станциясынның ең ежелгі реакторын тоқтатады, – деп хабарлайды «Хабар24» арнасы. Ресми тоқтату осы сенбіде жүзеге асырылады. Ал биыл 30 маусымда нысан толықтай жабылады. Реакторды тоқтату үкіметтің жаңа энергетикалық стратегиясына сай қолға алынған. Осылайша, Париж 2035 жылға дейін елдегі атом энергетикасының үлесін 75 проценттен 50 пайызға дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Станцияның жабылуы үшін оператор компания 400 миллион доллар өтемақы алады. Еске сала кетейік, Фессенхаймдағы атом электр станциясы 1977 жылы іске қосылған.