Ең қауіпсіз мессенджер анықталды
Ең қауіпсіз мессенджер анықталды
Signal ма, Telegram ба? Таңдау өзіңізде. Фото nextpit.com сайтынан алынды
472
оқылды
Әрбір адам күнделікті өмірінде қолданатын мессенджердің ыңғайлы әрі қауіпсіз болуына көңіл бөледі. Таралатын ақпаратты қорғау смартфонға жүктелген қосымшаның қауіпсіздік жүйесіне тікелей байланысты. Бұл туралы «Прайм» агенттігіне берген түсініктемесінде Digital Economy League компаниясының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Андрей Слободчиков айтқан. Aikyn.kz қауіпсіз мессенджерлер тізімін сарапшының пікіріне сүйеніп ұсынады. [caption id="attachment_225577" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 Ұнайтын мессенджерлердің нұсқаларын ұдайы жаңарту керек. Фото flickr.com сайтынан алынды[/caption] Сарапшы Signal, Threema, Wickr Me-ді ең қауіпсіз мессенджерлер деп атады.
«Зерттеу бойынша бұлар ең қауіпсіз, бірақ қолданушыларға қолайсыз деп танылған. Дегенмен, тіпті ең қауіпсіз мессенджерлердің өзінен мәліметтер ұрлануы мүмкін», – дейді Андрей Слободчиков.
Ол мысал ретінде осы жылдың тамыз айындағы жағдайды айтады: екі мыңға жуық нөмір мен растау кодтары Signal мессенджеріне қызмет көрсететін компанияны бұзу салдарынан сыртқа шығарылған. «Егер Ресейдегі ең танымал мессенджерлерді қарастыратын болсақ, Viber мен Telegram қауіпсіздік пен ыңғайлылық арақатынасы бойынша өте жақсы деңгейге жеткен», – деп атап өткен сарапшы.
Viber барлық хат алмасулардағы толассыз шифрлау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, компанияның серверіне жеке мәліметтерді тасымалдамай-ақ контактіні қосуға мүмкіндік береді.
Telegram өзінің бірегей MTProto протоколымен жұмыс істейді, ал толассыз шифрлау әдісін тек құпия чаттарда қолданады. WhatsApp пен Telegram қолданушылардың байланыс контактілерін біліп отырады және бұл мәліметтерді бөлек серверде сақтайды. [caption id="attachment_225581" align="aligncenter" width="1307"]Рисунок3 Telegram өзінің бірегей MTProto протоколымен жұмыс істейді. Фото nextpit.com сайтынан алынды[/caption] Сонымен қатар, Viber метадеректерді (жеке тұлғаның цифрлық келбетін жасауда қолданылатын) ішінара шифрлауды  қамтамасыз етеді, бұл WhatsApp пен Telegram-да қарастырылмаған.
Екінші жағынан, Viber жоғарыда аталған мессенджерлерге қарағанда әлдеқайда көп метадеректер жинайтынын да сарапшы ескертеді.  
Рисунок4Viber басқалармен салыстырғанда әлдеқайда көп метадеректер жинайды. Фото viber.com сайтынан алынды Бұған дейін Андрей Слободчиков WhatsApp-та осалдықтар жиі анықталатынын, сондықтан оны ең қауіпті деп санауға болатынын жариялаған болатын. Соңғы анықталған осалдықтар арқылы WhatsApp жүктелген смартфонда ашық кодты іске қосып, девайсты толық басқаруға болатыны белгілі болды. Ол үшін хакерлер бейнеқоңырауды қосып, сол арқылы зиянды код тіркелген бейне материал жібереді. Мессенджерлердің қауіпсіздігі оны қолданушылардан мұқият болуды, цифрлық сауаттылық қажет екенін естен шығармаған жөн.