Нұрлан Әуесбаев Алматыдағы сайлаушылармен кездесті
Нұрлан Әуесбаев Алматыдағы сайлаушылармен кездесті
140
оқылды
Қазақстан президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Алматыдағы сайлаушылармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бұл туралы үміткер әлеуметтік желіде хабарлады
"Бүгін Алматыдағы сайлаушылармен кездестім. Жиналған қауымға өзімнің сайлауалды бағдарламам жөнінде айтып бердім. Кезек күттірмейтін басты мәселе саяси реформа екенін атап өттім. Мұнсыз экономиканы ретке келтіру мүмкін емес.  Сол себепті де мен 50%-ы бір мандаттық округтардан сайланатын өзін-өзі ұсынушылардан тұратын мықты парламент үшін күш салудамын", -деп жазды ол.