Кәмелетке толмаған қызды зорлаған автобус жүргізушісі 17 жылға сотталды
Кәмелетке толмаған қызды зорлаған автобус жүргізушісі 17 жылға сотталды
© weproject.media
901
оқылды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А-ға қатысты кәмелетке толмаған К-ні зорлау дерегі бойынша айыптау үкімін шығарды. Астана қалалық сотының мәліметінше, №1 автопарктің жүргізушісі А. автобус салонындағы кәмелетке толмаған жәбірленуші К-нің дәрменсіздігін пайдаланып, зорлаған. Негізгі сот талқылауынан кейін күдіктіге жәбірленушінің айғақтарымен, психиатр-психолог сарапшыларының қорытындысымен, К-нің заңды өкілінің айғақтарымен және сараптама қорытындысымен А-ның қылмысы дәлелденді.
«Сот А-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды таныған жоқ. Сот үкімімен ол ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1) тармағы бойынша жазаның ең жоғары мөлшеріне – педагогикалық және өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды», – деп хабарлады ведомство.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.