Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді
Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді
© kfb.kz
4,041
оқылды
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан құрамасының капитаны, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Маржон Пианьярмен шеберлік байқасты. Бірінші раунд боксшылар бір-бірімен барынша тіресіп баққанымен, Асланбектің басымдылығы байқалды. Ал екінші раундта қазақстандық боксшы әуелі М.Пианьярды нокдаунға жіберді. Содан кейін тағы бір соққымен сұлатып түсірді. Бүгін сондай-ақ аса жеңіл салмақта Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Асилбек Джалиловпен жұдырықтасады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатын Серік Теміржановтың жеңіспен бастағанын, Сәкен Бибосыновтың бастапқы кездесуін сәтті өткізгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Назым Қызайбай Азия чемпионатының ¼ финалына өтті.