61 жастағы қария 88-ші рет некесін қидырмақ
61 жастағы қария 88-ші рет некесін қидырмақ
1,409
оқылды
61 жастағы индонезиялық Абах Каан 88-ші рет үйленейін деп жатыр. Ол тілшілермен әңгімесінде әйелдерді алдағысы келмейтінін айтқан. Каан ата өзінің өмірінде 87 рет үйленді. Енді ол 88-ші некесіне дайындалып жатыр. "Махаббат жасқа қарамайды". Туған жері Махаленгкада 61 жастағы Абах Каан «Плейбой патшасы» немесе Каан ата деген лақап атқа ие. Бүкіл ауданға ер адам махаббатқа деген шексіз сүйіспеншілігімен, салт-дәстүрді ұстанатындығымен танымал: егер ол ғашық болса, той жасап, некесін қияды. Нәпсіқұмар екенін өзі де мойындайды, бірақ сүйген жарымен тек заңды некеде ғана құмарлыққа бөленгісі келеді, ата-анасы солай тәрбиелеген көрінеді. Өмірінде 87 рет үйленген Каан ата 88-ші некесіне дайындалып жатыр. Оның таңдаған әйелі – өзінің 86-шы жары. Бірақ, индонезиялық азаматтың айтуынша, әйел әлі де оған ес-түссіз ғашық, сондықтан олар қайтадан бірге болуды шешіпті. Чипендвей ауылында дүниеге келген Каан небәрі 14 жасында алғаш рет отау тіккен. Ол кезде қалыңдығы 16 жасқа толған ару еді. Ер адам жас кезінде мінезі нашар болғанын, сондықтан жас әйелі екі жылдан кейін ажырасуды сұрағанын есіне алады. Оның некелерінің барлығы дерлік өткінші болды. Ең ұзақ отбасылық қарым-қатынасы 24 жылға, ал ең қысқасы – бір аптаға ғана созылды. Кейбір әйелдерімен ажырасқаннан кейін де қайтадан араласып тұрған. Осы уақытқа дейінгі 87 әйелінің 46-сы бірінші рет тұрмысқа шыққан болса, 41-і жесір қалған бұрымдылар еді. Каан журналистерге өзінің төсекте әлі де тың екенін айтады. Өйткені, ол өзі дайындаған сусынмен күшін қалпына келтіріп отырады екен. Ол сусын тек табиғи шөптерден дайындалады, Ішінде тамырлар, жаңғақтар, жемістер бар. Каан оларды араластырады, қайнатады, Содан кейін ауыз сумен сұйылтады. Ол өзінің рецепті басқа ер адамдарға дәл осындай керемет әсер ететініне кепілдік бермейтінін ескертті.