Жылап-жылап көнеді - желіде туа сала тастап кеткен сәбилердің видеосы тарады
Жылап-жылап көнеді - желіде туа сала тастап кеткен сәбилердің видеосы тарады
444
оқылды
Желіде туа сала тастап кеткен сәбилердің видеосы тарады. Ондағы көріністен перзентханадағы бірнеше сәбидің жарыса жылап жатқанын байқауға болады. Бейнежазбаның түсіндірмесінде балаларды құшақтауға, иіскеуге болмайтындығы жазылған. 
"Туыла сала баладан бас тартса, сол сәби 2-3 ай перзентханада жатады құжаттары реттелгенше. Перзентханада баланы қолға алып, құшаққа басуға болмайды. Оған арнайы қарап отыратын, жауапты адамдар жоқ. Тек тамағын беру, бүлдірсе ауыстыру (көріп қалса). Ол өзімен өзі болуды туыла сала үйрену керек. Бір рет қолға алсан, сенің иісінді иіскеп қойса, сенің құшағынды іздеп ұзақ жылайтын болады. Ал ешкім алмаса, жылап-жылап көнеді… Тастанды сәбилер болмау үшін ҰЛ БАЛА ӨСІРГЕНДЕ ЖАУАПКЕРЛІЛІК ДЕГЕНДІ МИЫНА ҚҰЙЫП ОТЫРУ КЕРЕК", - деп жазылған жарияланымда.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Әр қазағым жалғызым 🇰🇿 (@shyndykz)