Сауда-саттықтың жаңа форматын енгізуді тапсырды
Сауда-саттықтың жаңа форматын енгізуді тапсырды
283
оқылды
Президент Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады. Мемлекет басшысына сауда саясатын дамыту­дың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берілді. Қазір сауда-саттық саласы еліміздегі жалпы ішкі өнім құры­лымында (18,3%), жұмыспен қамтылған адам­дар (1,45 миллион) мен бизнес субъектілерінің саны (551 мың адам) жөнінен бірінші орында тұр. Со­нымен қатар сала бір субъектіге шаққандағы пай­да мөлшері және негізгі капиталға салынған ин­вестициялар деңгейі бойынша артта келеді. Ұсынылған тәсілдер ішкі нарықты қорғауға, өз өн­дірісімізді қолдауға және тауар өткізетін жаңа на­рықтар ашуға бағытталған. Бұдан бөлек, электрон­ды коммерцияны дамыту, транс­ше­кара­лық және ірі сауда-логистикалық хабтарды салу көзделіп отыр. Кездесу барысында еліміздің интеграциялық одақ­тардағы қызметі мен еркін сауда аймақтарын құру мәселелері қарастырылды. Серік Жұманғарин Қа­зақстан делегациясының Иранға сапары кезін­де қол жеткізілген уағдаластықтар туралы есеп бер­ді. Мемлекет басшысы сауда-саттықтың жаңа фор­маттарын енгізу жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ халықаралық нарық­тардағы ұлттық экономикалық мүддені белсенді түр­де қорғау қажеттігін атап өтті.