Diamond Princess лайнерінің 2 жолаушысы коронавирустан көз жұмды
Diamond Princess лайнерінің 2 жолаушысы коронавирустан көз жұмды
Фото: Интернеттен алынды
5,216
оқылды
Жапонияда Diamond Princess круиздік лайнерінің екі жолаушысы короновирустан қайтыс болды, – деп хабарлайды bbc.com-ға сілтеме жасаған «ҚазАқпарат». Бұл жағдайды Жапонияның Эн-эйч-кей телеарнасы мемлекетік ақпарат көздерінің біріне сілтеме жасап хабарлаған. Бірақ дереккөздің атын нақты атамаған. Телеарнаның хабарлауынша, коронавирустан 80 жастан асқан әйел мен ер адам қайтыс болған. Japan News твиттер аккаунтының мәліметінше, (Жапониядағы беделді «Йомури» басылымымен байланысты), мерт болған екеуі де – Жапония азаматы.