Жайық өңірінде жаңалық көп
Жайық өңірінде жаңалық көп
Батыс Қазақстан өңірі – өн­дірістік жағынан да, ауыл ша­руашылығы жағынан да ин­дустриялық-аграрлық әле­уеті зор аймақ. Мұнда мұ­­най өңдеу, машина жа­сау, кеме жасау салалары, құ­ры­лыс индустриясы және азық-түлік өндірісі жылдан жылға тұрақты дамып ке­леді. Мем­лекет басшысы­ның тап­сыр­масы бойынша биыл ақпан айында Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды. Жос­пардағы іс-шараларды қар­жы­лан­дыру 2,6 трлн теңгені құ­райды. Негізгі міндет – өңірді дамыту Өңірді дамытуға бөлінген қа­ражат бірқатар маңызды жоба­ны іске асыруға, жаңа өнімдер шы­ғаруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Өңір басшылығы осы жобаларды уақы­тылы әрі сапалы іске асыруды ал­дағы уақыттағы негізгі міндеті етіп қойып отыр. Мәселен, 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Батыс Қазақстан облысына 103,4 млрд теңге сомасында шығын қа­растырылған екен. Бюджетті нақ­тылау барысында тағы да 32,2 млрд теңге бөлінген. Бұл шығыстар өңір­­дің инфрақұрылымын да­мы­туға және әлеуметтік қажет­ті­ліктеріне: автомобиль жолдарын жөндеу мен реконструкциялауға, сумен жабдықтау жүйелерін да­мытуға, мүгедектерді оңалту орта­лығын салуға, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға, индустриялық аймақтың құрылысына, электрмен және газбен жабдықтауға, өзен жағалауын бекіту жұмыстары мен тасқын судан қорғауға, білім беру нысандарын жөндеуге жұмсалатын болады. Бұған қоса, бюджетті нақ­тылау кезінде агроөнеркәсіптік ке­шенді қолдауға, өңірлік еңбек нарығын дамытуға және «Ауыл – ел бесігі» жобасына қаражат бөлінді. Осы ретте облыс басшылығы үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі – қымбатшылықпен кү­рес болып отыр. Облыста жыл ба­сынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 14%-ға өскен. Жергілікті әкімдік баға үстемесіне бақылауды кү­шейткен. Бұл мақсатта оңтүстік өңір­лерден және Орталық Азия­дағы көршілес елдерден ерте пісе­тін көкөністерді әкелу үшін тікелей шарттарға отыру жұмыстары жү­руде. Тапшылықты және бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін фор­вардтық схема бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мәселесі де ұдайы назарда. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру үшін биыл өңірде машина жасау, металлургия, мұнай өңдеу, фармацевтика, тамақ өнер­кәсібі, құрылыс материалдары өндірісі салаларында жалпы құны 243,8 млрд теңгені құрайтын 37 жо­баны іске қосу жоспарланған. өңір Одан бөлек, республикалық орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл соңына дейін жергі­лікті жолдардың нормативтік жағ­дайын қазіргі 39%-дан 46%-ға дейін көтеру, облыс тұрғындары үшін қолайлы бағадағы тауарлық газдың қосымша көлемін тарту, Орал жылу электр орталығын ре­конструкциялау үшін республи­калық бюджеттен қаржы бөлу, өңір­дегі тозығы жеткен электр же­лілерін азайту, 77 тірек және 109 спутниктік ауылды дамыту үшін және өңірдің медициналық желісін жаңғырту үшін қосымша қаржы­ландыру, облысты етті мал ша­руашылығын дамытудың ғылыми өндірістік базасы ретінде айқындау мүмкіндігі қарастырылуда. Инвестиция – өңір тынысы Өңір экономикасы үшін «Қа­рашығанақ Петролиум Оперей­тинг» компаниясының маңызы зор. Алпауыт компанияның әле­уетін ел игілігі үшін пайдалану об­лыс басшылығының ұдайы на­зарында. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен Кәсіпкерлер кеңесінде осы ком­па­нияның қолдауымен жүзеге асатын ірі инвестициялық жоба – Бөрлі ауданындағы Қарашығанақ газ өңдеу өнеркәсібі кешенінің құры­лы­сы қаралды. Жиында Karachaganak Green Energy Corporation компаниясының вице-президенті Джованни Капанелли аталмыш жо­баның маңызын баяндады.
«Бұл жоба 2015 жылғы Париж келісімі бойынша көміртегі бө­ліндісінің көлемін азайту міндет­терін орындауға сеп болады. Сон­дай-ақ Қазақстанның аммиак-су­текті жаңа өнеркәсіптік секторын нығайтады. Инвестиция көлемі – 1,4 триллион теңге (3 млрд доллар). Жоба аясында «КПО б.в.» ком­паниясынан алынатын газды өңдеу жолымен аммиак және электр қуаты өндіріледі. Аммиак өндірісі жылына 2-2,5 млн тоннаны, электр қуаты 250-500 МВт құрайды. Кешен құрылысы барысында 1 500, кейін 2027 жылы кешен іске қо­сылғанда 2 700 адам еңбек ететін болады. Жоба жаңа аммиак-сутегі өнеркәсіптік кластерін дамытуға, ел экономикасын әртараптан­ды­руға ықпал етеді», – деді ол.
Жалпы, облыста «Бизнестің жол картасы–2025» бойынша был­тыр 3 жаңа жобаны іске асыруға және 2 нысанды жалғастыруға бюд­жеттен 2,5 млрд теңге мөл­ше­рінде қаражат бөлінген. Газдандыру – 98% БҚО-да елді мекендерді газ­дандыру жұмыстары жалғасуда. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудағы басым бағыттардың бірі – көгілдір отын мәселесі соңғы 15 жылда күн тәртібінде тұрақты қарастырылып келеді. Ақ Жайық өңірінде табиғи газбен жабдықтау негізінен төрт магистралды құбыры арқылы жүзеге асады. Олар – «Ор­талық Азия – Орталық», «Орынбор – Новопсков», «Қарашығанақ – Орал», «АГРС Жымпиты-Қара­төбе» желілері. Мәселен, таяуда, Республика күні қарсаңында Қаз­талов ауданында 16 ауылға газ тартылған екен. Енді осылайша, 29 мыңнан астам тұрғын тұратын Қазталовта барлығы 48 ауыл болса, соның 32-сі газбен қамтылып отыр. Газ құбырын тартқан «Әлия Сервис» ЖШС мен ішкі жұмыс­тар­ды жасаған «ГазГид» ЖШС. Былтыр облыста ауылдық елді мекендерді газдандыруға бюд­жет­тен 1,5 млрд теңге бөлінген екен. Бұл сомаға 5,8 мың адамнан астам халқы бар 37 ауылдық елді мекенді газдандыру бойынша 16 нысанның құрылысы жүргізілді. Олар – Бәй­терек ауданы бойынша 9 АЕМ, Жаңақала ауданы бойынша 4 АЕМ, Қазталов ауданы бойынша 20 АЕМ және Теректі ауданы бойынша 4 АЕМ. Бір сөзбен айтқанда, ауыл хал­қының табиғи газбен қамтама­сыз етілуі 98,4%-ды немесе 308,6 мың адамды құрады. Ал бұл ретте облыс халқының табиғи газбен қамтамасыз етілуі 99,2%, яки 659,5 мың адам екенін атай кеткен абзал. Биыл өтпелі нысандардың құры­лысын аяқтау жоспарлануда.