Twitter-де жұмысшыларды жаппай қысқарту басталды
Twitter-де жұмысшыларды жаппай қысқарту басталды
435
оқылды
Twitter әлеуметтік желісінің жаңа иесі миллиардер Илон Маск компанияда жұмысшыларды жаппай қысқарту басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы. Twitter компаниясының басшылығы қызметкерлерге қысқарту болатыны туралы ресми хабарламамен электронды хаттар жіберген. Шетелдік БАҚ сілтеме жасаған хабарлама мәтініне сәйкес, АҚШ-та жұмысшыларды қысқарту 4 қарашада жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің басында басталды. Қызметкерлер Twitter-де жұмыс істеуді жалғастыра ма, жоқ па көрсетілген электронды хаттар алған. Сонымен қата  олардан кеңселерге келмеу сұралған, өйткені олар уақытша жабылады, ал жұмыс талондары уақытша тоқтатылған. Хатты оқымай кеңсеге келгендер қайтарылады, компания демалыс жариялаған.
"Бұл Twitter-ге құнды үлес қосқан бірқатар адамға әсер ететінін түсінеміз, бірақ өкінішке қарай, бұл әрекет компанияның болашақтағы табысын қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген электронды поштаға келген хаттарда.
Сонымен қатар  қызметкерлерге әлеуметтік желіде немесе баспасөзде "компания туралы құпия ақпаратты" жарияламау ескертілген.