Мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қала мешіттерінің бірінде ұрлық жасаған ер адамды ұстады. Ол күртеше қалтасынан ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен. Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті құрықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Аталған жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бап 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы