Еуропада күн суытып, COVID-19-дың жаңа толқыны басталуы мүмкін. Вирустың кезекті мутациялары ғалымдарды алаңдатады. Осыған байланысты еуропалықтарға, әсіресе қауіп тобында тұрғандарға, алдын-алу шараларын қабылдауға және вакцинациядан өтуге кеңес беріледі.
«Қазіргі уақытта біз күзгі кезеңнен шығып, қысқы кезеңге өтеміз. Біз ауру өршиді деп болжап және бақылап отырмыз. Пандемия кезінде әртүрлі вариациялардың пайда болғаны анық, бірақ маңыздысы вакциналар әлі де өте тиімді болып қала бермек», - деді ДДҰ Еуропалық бюросының жоғары қауіпті патогендер тобының жетекшісі Ричард Пебоди.Дәрігерлер күзде және қыста тұмау мен COVID вирустары бір уақытта таралатынын ескертеді. Шектеулерді енгізу қажеттілігі туралы мәселелерді әр ел өз бетінше шешетін болады.