Полиция алматылықтарға ескерту жасады
Полиция алматылықтарға ескерту жасады
1,147
оқылды
Қаскөйлер қала тұрғындарының сенгіштігі мен ақкөңілділігін пайдаланады. Осыған байланысты Алматы полициясы ескерту жариялады.
Олар өте қарапайым мынадай жолмен әрекет етеді: жас жігіт ықтимал құрбанына жақындап, өзінің басына түскен жайсыз оқиғамен бөліседі. Сөйтіп, ол адамнан карта шотын пайдалануға рұқсат сұрайды, себебі оған ата-анасы қаражат жіберуі керек-мыс. Шындығында, ақша аударушы – қылмыстың серіктесі, ол жаңа ғана ұрланған басқа біреудің ұялы телефонынан сенгіш адамның есепшотына ақша аударады.
"Алаяқтың құрбаны еш нәрседен күдіктенбей, ақшаны шешіп, бейтаныс адамға береді, ол өзі де байқамай бөтеннің мүлкін ұрлау фактісіне қатысушы болып шыға келеді",– дейді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.