Ертең ауа райы қандай болады?
Ертең ауа райы қандай болады?
Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 6 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр, түнде екпіні секундына 23 метр. Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Астанада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15 метр болады. Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ. Батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, тау асуларында күші секундына 15-20 метр. Қарағанды облысының шығысында тұман болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болады. Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында секундына 15-20 метр.