Қазақстандықтар айдың ерекше құбылысын қашан тамашалай алады?
Қазақстандықтар айдың ерекше құбылысын қашан тамашалай алады?
742
оқылды
Sputnik Қазақстан порталының хабарлауынша, ел аумағының басым бөлігінде толық тұтылу мүлде байқалмайды, тек жартылай фазалары көрінеді.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Андрей Солодовниктің айтуынша, Айдың тұтылуының барлық фазасы Тынық мұхиты мен оның аралдарындағы ауқымды кеңістікте байқалады. Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібір елдерінің тұрғындары үшін тұтылудың көріну деңгейі әлдеқайда жоғары болады.
"Алайда біз үшін және Қазақстан мен Ресей көршілері үшін бұл құбылыс Ай шығудан бұрын басталады. Тіпті оның толық фазасының басында және ең жоғарғы шегінде Ай аспанда әлі көрінбейді. "Түнгі Күннің" шығуы фазаның аяқталуына қарай 17 сағат 25 минутта басталады. Айдың толық дискісі көкжиектен 17 сағат 30 минутта аспанның солтүстік-шығыс бөлігінде шығады. Бірақ тұтылудың толық фазасы тек 17 сағат 42 минутқа созылады. Яғни, Петропавлда тұтылуды бақылаудың жалпы кезеңі шамамен 12 минутқа созылады", – деді астроном.