Google енді 1000 тілде аударма ұсынады

Google енді 1000 тілде аударма ұсынады

Google компаниясы жасанды интеллекті (ЖИ) дамыту үшін әлемдегі ең жиі қолданылатын мың тілді қолданатын болды. Себебі технологиялық алпауыттар интернеттің келесі «шайқас алаңында» үстемдік ету үшін бәсекелесуде. Енді Google жаңа тілдердегі деректерді тек интернеттегі мәтіндерден ғана емес, сонымен қатар бейнелерден, фотосуреттерден және аудиоматериалдардан да алмақшы. Бұл туралы Gulf News басылымына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

«Африкадағы интернетке жаңа қосылған Wolof тілінде сөйлейтін пайдаланушыны елестетіп көріңізші. Ол телефонын пайдаланып, ең жақын дәріхана қай жерде екенін сұрағысы келеді», – дейді Google-дің инженер-зерттеушісі Йохан Шалквик.
Шалквиктің мәлімдеуінше, әлемде 7000-нан астам тіл бар. Дегенмен, Google олардың 130-дан астамына ғана аудармалар ұсынады. [caption id="attachment_225817" align="aligncenter" > Google 130-дан астам тілдің аудармаларын ұсынады. Фото Gulf News агенттігінен алынды[/caption] Іздеу жүйесінің алпауыты мұны айтарлықтай кеңейтуді көздеп отыр. Бірнеше жылға созылатын жоба ілгерілей бастағандықтан, Google өз жетістіктерін YouTube және Google Translate сияқты өнімдеріне де енгізбек.