Ленин атындағы шахта тағы да дүрлікті
Ленин атындағы шахта тағы да дүрлікті
331
оқылды
Қарағандыда жұмысшылар қаза тапқан шахтаға комиссия тексерісі кезінде тұтанып жана бастаған көмірдің бар екенін анықтады. Бес кенші қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін шахтада тұтану жағдайы анықталды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға салдарын жою үшін ол жерге «АрселорМитталТеміртау» компаниясына тікелей қызмет көрсететін әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің арнайы бөлімшелері жіберілгенін түсіндірді.
"Қазіргі уақытта өрт жоқ, жанып жатқан ештеңе жоқ. Шахта жабық күйінде қалды", — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Руслан Иманқұлов.
Еске салайық, қайғылы оқиға 3 қарашада Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада болған. Газ бөлініп, жарылыс болған. Сол кезде шахтада 106 адам болып, оның бесеуі қайтыс болды. Бір күн бұрын олардың денесі Шахтинскіге жеткізілсе, кеше туған-туыстары мен жақындары кеншілермен қоштасты.