Оралдағы су және кәріз желілеріне қызмет көрсететін «Батыс су арнасы» кәсіпорны Промбаза ауданындағы кәрізді тазалау кезінде 4 күшіктің мәйіті табылғанын хабарлады.
«Біздің Серіктестіктің басшылығы мен қызметкерлері қала тұрғындарынан үй жануарларына адамгершілікпен қарауды және мұндай қатыгездікпен олардың өмірін қимауды сұрайды. Біздің қалада үй жануарларын паналатуға болатын баспаналар бар» делінген компания хабарламасында.Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер жануарларды немесе олардың мәйіттерін, сондай-ақ әртүрлі қоқыстарды және жеке гигиеналық заттарды кәрізге лақтыру арқылы азаматтар кәріз желісін бітеліп қалу қаупіне ұшырататынын, бұл сайып келгенде, кезекті апатқа әкелетінін, тиісінше, суды өшіру қажет болатынын айтты.
«Сонымен қатар, кәрізді тазалау өте ауыр және қауіпті жұмыс екенін атап өткім келеді, сондықтан дәретханаға немесе кәріз құдығына тағы бір қоқысты тастамас бұрын, «Батыс су арнасы» ЖШС жұмысшыларының өміріне қауіп төндіретініңізді де ойлаңыз. Сіздерді түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», - деп қосты компания.