Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жүлдегері болды
Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жүлдегері болды
703
оқылды
Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдегері атанды. 51 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Бибосынов малайзиялық Гайюм Ариффинді 5:0 есебімен таза жеңді. Осының арқасында жерлесіміз сары құрлық бәсекесінде кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр. Айта кетсек, Сәкен 5 қараша күні ерлер арасында ринг төріне шыққандардың арасында бір өзі болды. Еске салайық, Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.