Кәсіпкер Қайрат Беркінбаев қайтыс болды
Кәсіпкер Қайрат Беркінбаев қайтыс болды
3,254
оқылды
Бүгін 57 жасында белгілі кәсіпкер, қоғамдық денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген қайраткер, "Оқ-жетпес" емдеу сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз дүниеден озды. Қаралы хабарды  Денсаулық сақтау министрлігі растады. Министр Ажар Ғиният Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Қайрат Шерәліұлы курорт ісінің дамуына зор үлес қосты, Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы бола отырып, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Марқұмның отбасы мен жақындарына қамқор әкесінің және жұбайының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз" делінген хабарламада.