«Қазақтың Ломаченкосы» Азия чемпионатында жүлдегер атанды
«Қазақтың Ломаченкосы» Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының алтыншы күнін Махмуд Сабырхан сәтті бастады. Өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, жастар арасында үш дүркін Азия чемпионы Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Дорьныамбуу Ганболдпен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы үш раунд бойы сауатты өнер көрсетіп, қарсыласына соққыны көбірек дарытып, шеберлігінің басым екендігін айқын таныта білді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Махмуд Сабырханға берді – 5:0. Осылайша, М. Сабырхан жартылай финалға өтті. Бұл – кемінде қола медаль қоржында деген сөз.