Азия чемпионатында Саматәлі Төлтаев қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты

Азия чемпионатында Саматәлі Төлтаев қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты

Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Саматәлі Төлтаев жекпе-жегін сәтті өткізді. Қазақстандық боксшы ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте С.Төлтаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол жартылай финалға шығып, кемінде қола медальға қол жеткізді. Бүгін кешкі сессияда тағы төрт қазақстандық боксшы рингке шығады.